Мемлекеттік хатшының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.34
  • 541.25
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік хатшының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

Мемлекеттік хатшының қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы болып өтті. Кеңес отырысы «Қазақстан-2050» Стратегиясы аясындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесі мен мемлекеттік органдардың жаңа ғылыми-сараптамалық жұмысындағы басым міндеттері және Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы тақырыбына» арналды.

  • 20 Қыркүйек 2013
  • 436
Фото - Caravan.kz

Жиын барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің этносаясатты қамтамасыз етудегі ғылыми жұмыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды. Бұдан бөлек, ұлттық-мемлекеттік бірегейлілік негізі ретіндегі тарихи сананы қалыптастыру, ұлт тарихын зерттеудегі Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеттері сөз болды. Бұдан бөлек, тіл саясаты мәселелері қозғалып, Қазақстан өңірлеріндегі ғылыми-сараптамалық жұмыстар жайында әңгіме өрбіді.


Кеңес отырысына ҚР Президенті Әкімшілігінің басшылары, Парламент депутаттары, мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми-сарапшылық кеңес мүшелері мен ғылым мен шығармашылық зиялық қауым өкілдері қатысты.