Жарияланды: 530

Мемлекеттік комиссия үлестік құрылыс нысандарын аяқтау мәселелерін қарады

ҚР экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия үлестік құрылыс нысандарын аяқтау мәселелерін қарады, деп хабарлайды pm.kz.сайты.

«… Мемлекеттік комиссияның мүшелері республиканы индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Сонымен қатар, (…) үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды», - делінген ҚР премьер-министрінің сайтында жұма күні жарық көрген ақпаратта. «ҚР экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия.Өзіміздің индустриямызбен біздің болашағымыз бар», - деп жазыпты К. Мәсімов Twitter-ге. Талқылаудың қорытындысы бойынша К. Мәсімов бірқатар тапсырмалар берді. Бұрын хабарланғандай, Қазақстан 2016 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ-ні $15 мыңға жеткізіп, кіріс деңгейі жоғары елдер тобына кіруді жоспарлап отыр. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында жалпы сомасы Т12 трлн болатын 500 жобаны жүзеге асыру, 200 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған. ҚР экономикасын модернизациялау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия ҚР президентінің жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылады. Оның міндеттеріне Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мәселелері бойынша шешімдер ұсыну мен қабылдау жатады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть