Мемлекеттік комиссия үлестік құрылыс нысандарын аяқтау мәселелерін қарады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік комиссия үлестік құрылыс нысандарын аяқтау мәселелерін қарады

Мемлекеттік комиссия үлестік құрылыс нысандарын аяқтау мәселелерін қарады

ҚР экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия үлестік құрылыс нысандарын аяқтау мәселелерін қарады, деп хабарлайды pm.kz.сайты.

  • 3 Маусым 2011
  • 515
Фото - Caravan.kz

«… Мемлекеттік комиссияның мүшелері республиканы индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады. Сонымен қатар, (…) үлестік құрылыс нысандарын аяқтау, тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру мәселелері талқыланды», — делінген ҚР премьер-министрінің сайтында жұма күні жарық көрген ақпаратта.

«ҚР экономикасын модернизациялау жөніндегі мемлекеттік комиссия.Өзіміздің индустриямызбен біздің болашағымыз бар», — деп жазыпты К. Мәсімов Twitter-ге.

Талқылаудың қорытындысы бойынша К. Мәсімов бірқатар тапсырмалар берді.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстан 2016 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ-ні $15 мыңға жеткізіп, кіріс деңгейі жоғары елдер тобына кіруді жоспарлап отыр. Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның аясында жалпы сомасы Т12 трлн болатын 500 жобаны жүзеге асыру, 200 мың тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланған.

ҚР экономикасын модернизациялау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия ҚР президентінің жанындағы консультативтік-кеңес органы болып табылады. Оның міндеттеріне Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен тиімділігін арттыру мәселелері бойынша шешімдер ұсыну мен қабылдау жатады.

Соңғы жаңалықтар