Мемлекеттік маңызға ие тарихи-мәдени ескерткіштердің жаңа мемлекеттік тізімін дайындау жұмыстары аяқталды, жаңа тізімге 218 нысан енген - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік маңызға ие тарихи-мәдени ескерткіштердің жаңа мемлекеттік тізімін дайындау жұмыстары аяқталды, жаңа тізімге 218 нысан енген

Мемлекеттік маңызға ие тарихи-мәдени ескерткіштердің жаңа мемлекеттік тізімін дайындау жұмыстары аяқталды, жаңа тізімге 218 нысан енген

Астана. 14 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік маңызға ие тарихи-мәдени ескерткіштердің жаңа мемлекеттік тізімін дайындау жұмыстары аяқталды, жаңа тізімге 218 нысан енген. Бұл туралы жұма күні Ақордада мемлекет басшысының төрағалық етуімен "Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 14 Маусым 2008
  • 952
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2004 жылы Елбасы бастамасымен 2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы бекітілген. Аталмыш бағдарламаның қорытындысы қоғамдық кеңестің 2007 жылғы кеңейтілген отырысында шығарылған болатын. Сол отырыста мемлекет басшысы бағдарламаның мерзімін ұзартып, Мәдениет және ақпарат министріне 2007-2009 жылдарға арналған «Мәдени мұра» бағдарламасының екінші кезеңін әзірлеуді тапсырған еді.

Отырысты ашқан мемлекет басшысы мемлекеттік бағдарламаның халық арасында рухани-мәдени, тіпті жалпы қоғамдық өміріміздің маңызды кезеңі ретінде аса жылы қабылданғанын атап өтті.

«Бағдарламаның алғашқы кезеңінде республикалық бюджеттен 2,7 миллиард теңге бөлінсе, ал екінші кезеңіне 4,7 миллиард теңге бөлінді»,- деді Н.Назарбаев.

Бүгінгі таңда ерекше тарихи-мәдени маңызға ие 35 архитектуралық ескерткіштер қалпына келтірілді. 30 археологиялық және 17 қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылды. Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей және Армения елдерінде жүргізілген ізденіс жұмыстарының нәтижесінде қазақстан тарихына қатысты 5 мыңға жуық құнды мәліметтер табылып, олардың көшірмелері елге әкелінді. Археологтар 32 ескі қалашықтар, елді мекендер мен қорғандарда зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық ғалымдар шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып ұлттық тарих пен мәдениетті жалпы адамзаттық құндылық ретінде зерттеулері қажет деді.

«Әлі күнге дейін тарихи маңызын жоймаған Ұлы Дала өркениеті тиянақты зерттеуді қажет етеді», — деді мемлекет басшысы.

Қоғамдық Кеңес мүшелері — Шығыстану институтының директоры М.Әбусейітованың, Археология институтының директоры К.Байпақовтың, мәдениеттанушы М.Әуезовтың, «Қазақ энциклопедиясы» баспасының директоры Б.Аяғанның, президенттік мәдени орталықтың директоры М.Жолдасбековтың, академик Ә.Нысанбаевтың есептері және басқа да отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздері тыңдалды.

«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңес отырысын қорытындылай келе Н.Назарбаев бағдарламаның екінші кезеңінде іске асырылуға тиісті негізгі бағыттар мен басымдықтарды атап өтті.

Осы күні президент Ақордада «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жүргізілген жұмыстардың нәтижесін көрсететін көрмемен танысты. Мемлекет басшысына сондай-ақ «Мәдени мұра» ақпараттық-танымдық веб-порталы көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті