Мемлекеттік мекемелер қазақ тілінің мәртебесі туралы конституция талаптарын тиісті деңгейде орындамай отыр - Конституциялық кеңес төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік мекемелер қазақ тілінің мәртебесі туралы конституция талаптарын тиісті деңгейде орындамай отыр - Конституциялық кеңес төрағасы

Мемлекеттік мекемелер қазақ тілінің мәртебесі туралы конституция талаптарын тиісті деңгейде орындамай отыр - Конституциялық кеңес төрағасы

"Мемлекеттік мекемелер қазақ тілінің мәртебесі туралы конституция талаптарын тиісті деңгейде орындамай отыр". Бұл туралы бүгін, 27-маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысында Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Маусым 2005
  • 712
Фото - Caravan.kz

И.Рогов осы орайда «Негізгі заң қағидаларын жүзеге асыру талаптарына сәйкес үкімет пен жергілікті өкілетті және атқарушы билік органдары республика азаматтарына мемлекеттік тілді еркін әрі тең меңгеру үшін қажетті материалдық жағдайлардың бәрін жасауға міндетті» екенін еске салды. «Алайда мемлекеттік мекемелер Ата заңның бұл талаптарын тиісті деңгейде орындамай отыр»,- деді ол. Конституциялық кеңес төрағасының пікірінше, «адамның құқығы мен бостандығына қатысы бар кейбір кодекс түріндегі нормативтік-құқықтық актілерде заң нормаларын екіұдай түсіндіруге алып келетін қателіктер, кейде тіпті қазақ және орыс тіліндегі мәтіндер бір-біріне көпе-көрнеу қайшы келетін жайттар жиі кездеседі». «Ал Конституциялық кеңестің 1999-жылғы 29-қазандағы қаулысына сәйкес нормативтік-құқықтық актілердің орыс және қазақ тіліндегі мәтіндегі бір-біріне толыққанды сәйкесуге тиіс. Бұл талапты орындамау — Конституциялық заңдылықты өрескел бұзу болып табылады»,- деді И.Рогов.

Перейти к новостям спорта