Мемлекеттік монополияның қысқартылып, оны бәсекелестік ортаға беру ұсынылады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік монополияның қысқартылып, оны бәсекелестік ортаға беру ұсынылады

Мемлекеттік монополияның қысқартылып, оны бәсекелестік ортаға беру ұсынылады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік монополия мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы өтті.

  • 6 Маусым 2011
  • 767
Фото - Caravan.kz

Заң жобасы жайында Бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаевтың айтуынша, заң жобасында мемлекеттік монополия түрлерін қысқарту ұсынылады, бұл мемлекеттік кәсіпорындар санын қысқартуға әкеп соғады. «Заң жобасымен мемлекеттік монополияның бірқатар түрлерін қысқарту қарастырылып отыр. Бұл Елбасының мемлекеттің экономикаға килігуін азайту туралы тапсырмасын орындауға мүмкіндік береді», — дейді М. Есенбаев. Оның айтуынша, «Бәсекелестік туралы» ҚР заңына сәйкестендіру талап етілетін 24 заңнамалық актілерінің 10-ында мемлекеттік монополия туралы нормалар қамтылған. Алайда, бұны жүзеге асырудың нақты тетіктері анық көрсетілмеген болып отыр. Ал 14 заңнамалық актіде қызмет түрлерін тікелей мемлекеттік монополияға беру қалыс қалғанымен, мемлекеттк құқық нақты бекітілген.

Бұдан бөлек, заң жобасында төтенше жағдайлар саласындағы, топологияны құқықтық қорғау саласындағы, өсімдіктерді қорғау саласындағы қызмет түрлерін мемлекеттік функцияларға жатқызу көзделген. Құжатты қабылдау мемлекеттік монополия субъектілерінің қызметін біркелкі етуге және ашықтығына, мемлекеттік монополияны көздейтін заңнама нормаларын бір жүйеге келтіруге, бағаларды тәртіпке келтіру, шағын орта бизнеске жүктемені азайтуға, экономиканы монополияландыру үдерісін төмендетуге мүмкіндік береді.

Заң жобасы бойынша жұмыс тобына депутат Валерий Доскалов жетекшілік етеді.

Соңғы жаңалықтар