Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мұрағат директорын әлдебіреулер 2002-жылдың 17-қаңтарында өз пәтерінде өлтіріп кеткен болатын. Оқиға орнынан 900 доллар қолды болды.
Алматы қалалық ІІББ-ның оперативті қызметкерлері аталмыш қылмысқа күдіктілердің бірін тұтқындаған. Тергеу барысында анықталғанындай, күдікті жапа шеккен отбасының жақын танысы болып шықты. Тағы бір күдікті Мәскеуде жасырынып жүр. Қазір еліміздің құқық қорғау органдары Ресейлік әрістестерімен оны Қазақстанға экстрадициялау жөнінде келіссөздер жүргізуде.