Мемлекеттік органдар арасындағы ауысым тәртібімен тағайындаулар Елбасы белгілеген жағдайларда ғана жүзеге асады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік органдар арасындағы ауысым тәртібімен тағайындаулар Елбасы белгілеген жағдайларда ғана жүзеге асады

Мемлекеттік органдар арасындағы ауысым тәртібімен тағайындаулар Елбасы белгілеген жағдайларда ғана жүзеге асады

Бүгін Парламент Мәжілісі Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

  • 6 Қараша 2012
  • 504
Фото - Caravan.kz

Еске сала кетсек, заң жобасы Мемлекет басшысының 2011 жылы шілде айында бекіткен мемлекеттік қызметтің жаңа моделі Тұжырымдамасын жүзеге асыру және нақты тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген. Сонымен қатар, аталған заңның қабылдануы Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыруы Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерге сәйкес келеді. Себебі, мериторкатия қағидаттарын күшейту әлеуметтік түрлендіру құралдарының бірі болып табылады. Заң жобасының негізгі басымдықтарына келетін болсақ, онда кадрларды іріктеу мен жоғарылату кезінде меритократия қағидатын күшейту, «А» басқарушылық корпусын құру, персоналды басқару институттары мен механизмдерін жетілдіру, кадр қызметінің рөлін арттыру, сондай-ақ тәртіптік және этикалық бақылауды күшейту нормалары енгізіліп отыр.

Бұл мақсатта заң жобасымен конкурстық іріктеуге байланыссыз, іріктеудің дербес кезеңі ретінде тестілеуден өткізу қарастырылған. Бұл мемлекеттік органдардың конкурстық рәсімдерін өткізу уақытын неғұрлым қысқартуға (50-60 күннен 15-20 күнге) мүмкіндік береді.

Заң жобасымен «командалық көшулерді» неғұрлым азайту және мемлекеттік органдардың басшылары ауысқан жағдайда әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің қорғалуын күшейту мақсатында мемлекеттік органдар арасындағы ауысым тәртібімен тағайындаулар Елбасы белгілеген жағдайларда ғана жүзеге асырылатындығы қарастырылған. Осы мақсатта конкурстық комиссиялар тек осы мемлекеттік орган пайдаланатын кадр резервін жасақтайтыны белгіленген.

Бұдан бөлек, алғашқы рет заң жобасында мемлекеттік қызметшілердің Ар-намыс Кодексін және жемқорлыққа қарсы нормаларды қосатын қызметтік этикасы жөнінде бөлек тарау енгізілген.

Соңғы жаңалықтар