Мемлекеттік органдардың ЕХРО-2017 көрмесіне әзірлік бағытындағы жұмыстарына вице-премьер Қайрат Келімбетов басшылық етеді
![]() |
Премьер-министр Серік Ахметов мемлекеттік органдарға халықаралық ЕХРО-2017 көрмесін Астанада өткізуге әзірлік жұмыстарына білек сыбана кірісуді тапсырды. |
«Көрмені өткізуге дайындықтың қарқынды сатысына өтеміз. Дайындық шараларының 90 пайыздан астамы 2013 жылы жүзеге асырылуы тиіс. Яғни, біз үшін күрделі кезең басталды. Сондықтан барлық орталық, жергілікті мемлекеттік органдардың бәрі күшін шоғырландырып, «ЕХРО-2017» көрмесін өткізу туралы ұлттық жоспарды сапалы түрде әрі дер кезінде жүзеге асыруға бағытталған шараларды қолға алуы тиіс», - деді ол үкіметтің сейсенбі күнгі отырысында.
«Бәрі анық көрсетілген, велосипед ойлап табудың қажеті жоқ, жұмысқа білек сыбана кіріссеңіздер болғаны», - деп нақтылады премьер.
Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік органдардың ЕХРО-2017 көрмесіне әзірлік бағытындағы жұмыстарына вице-премьер Қайрат Келімбетов басшылық етеді.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін