Мемлекеттік қуыршақ театры оқушыларға тарту дайындады
|
Балаларға базарлық! Мемлекеттік қуыршақ театрының ұжымы Қарасай ауданындағы мектеп оқушыларының жазғы демалысын көңілді өткізуге өз үлестерін қосуда.
Жас көрермендер назарына ұсынылған бүгінгі спектакль «Алқызыл гүл» деп аталады. Барын салып, жеткіншектердің езуіне күлкі үйіреміз деп жанталасқан артистер екінші жағынан адамгершілік, достық сияқты қасиеттерді арқау еткен қойылым жас өрендерге ой салар деген үмітте. Спектакльге жазғы лагерьде демалып жатқан 300-дей оқушы шақырылыпты. Екі күнге жалғасатын шараны ұйымдастыруға мұрындық болған еліміздің Тұңғыш президент қоры.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін