Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жемқорлыққа қарсы күреске септігін тигізуге тиіс - Қазақстан президенті (толық нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жемқорлыққа қарсы күреске септігін тигізуге тиіс - Қазақстан президенті (толық нұсқасы)

Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жемқорлыққа қарсы күреске септігін тигізуге тиіс - Қазақстан президенті (толық нұсқасы)

Астана. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жемқорлыққа қарсы күреске септігін тигізуге тиіс. Бұл туралы бүгін Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумның отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 6 Қараша 2008
  • 1299
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру жемқорлыққа қарсы күреске септігін тигізуге тиіс». Мемлекеттің стратегиялық мақсаты — мемлекеттік басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыру. Бұлар кәсіпқой, сауатты, заман көшінен қалмаған, елдің мүддесі үшін адал қызмет ететін, түрлі мүдделермен санасы уланбаған адамдар болуға тиіс, деді мемлекет басшысы.

«Біз мемлекеттік қызметтің беделін көтеріп, мемлекеттік аппаратқа дарынды жастарды тартып, оларды тәрбиелеп шығаруға тиіспіз», — деді Н. Назарбаев.

Сонымен бірге, түрлі жемқор пысықайлардан батыл тазаруға тиіспіз, деді президент. «Онсыз біздің әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің санатына кіру ниетіміз жоспар күйінде қалады», -деді ол.

«Жемқорлыққа қарсы күреске лобби қызметін регламенттеу септігін тигізуге тиіс. Осы мақсатта лобби жасау туралы заңды қабылдау қажет. Ол корпоративтік мүддені қоғам мен мемлекеттің мүддесінен жоғары қойып, алға жылжытудың жемқорлық қитұрқылықтарына жол бермейтін тетіктерді құруға тиіс. Қылмыстық кодекстің нормаларын түзету жұмыстарын жүргізу қажет. Жемқорлықтың алғышарттарын азайту үшін нақты қылмыстар үшін жүктелетін жауапкершіліктің түрлі үлгілерін қолдану аясын тартылта түсу қажет. Мемлекеттік қызметке потенциалдық жемқорлардың өтіп кетуін қысқартуға нақты мүмкіндік беретін шара — мамандар резерві институты болуы керек. Осыған байланысты президент әкімшілігі елдің нақты мамандар резервін жасақтау мен алға жылжытуға бағытталған кешенді жұмыстарды жүргізуге тиіс «, — деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар