Мемлекеттік қызметкер болудан үміткерлерге компьютерді меңгеру талабы міндетті түрде қойылады - ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызметкер болудан үміткерлерге компьютерді меңгеру  талабы міндетті түрде қойылады - ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі

Мемлекеттік қызметкер болудан үміткерлерге компьютерді меңгеру талабы міндетті түрде қойылады - ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі

Алдағы уақытта мемлекеттік қызметкер болудан үміткерлерге компьютерді меңгеру талабы міндетті түрде қойылады. Бүгін, 12-сәуірде мемлекеттік мамандар іріктеу саясатына арналған республикалық кеңесте ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Ғабидолла Әбдірахымов осындай пікір білдірді.

  • 12 Сәуiр 2004
  • 956
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қазір орталық мемлекеттік мекемелердегі бос лауазымдарға алынатын үміткерлерге түгелдей дерлік осындай талап қойылуда.

Ғабидолла Әбдірахымовтың хабарлауынша, агенттік тарапынан мемлекеттік мекемелердің компьютермен жабдықталу деңгейіне жүргізген талдау қорытындысы көрсеткендей, орталық мемлекеттік мекемелер компьютермен толық қамтамасыз етілген, дербес веб-сайты мен ішкі жүйесі бар. Ал облыстық мекемелер компьютермен 80 процент қамтамасыз етілсе, олардың 40 процентінде жеке веб-сайты мен ішкі желісі бар. Ал аудандық мекемелер компьютермен аз қамтамасыз етілген. Мұндағы компьютермен жабдықталу көрсеткіші 50 процентті құраса, 30 процентінде ғана жеке веб-сайты мен ішкі желісі бар. Ал ауылдық деңгейдегі мемлекеттік мекемелердің компьютермен жабдықталу көрсеткіші небәрі 25 процентке тең.
Сондай-ақ, Ғ. Әбдірахымовтың мәліметі бойынша, орталық мемлекеттік мекемелердің 80 проценті интернет және электронды пошта желісіне қосылса, облыстарда бұл деңгей 60 процентті, аудандарда 40 процентті, ауылдық деңгейде 6 процентті құрайды. Ғ.Әбдірахомовтың айтуынша, «республикалық бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелер компьютермен жоғары деңгейде қамтамасыз етілген, ал жергілікті бюджетке көз сүзетін мемлекеттік мекемелерде компьютер тапшы келеді».

Соңғы жаңалықтар