Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы есептеуді автоматтандыру жобасын жүзеге асыруды 2009 жылы бастау жоспарланып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы есептеуді автоматтандыру жобасын жүзеге асыруды 2009 жылы бастау жоспарланып отыр

Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы есептеуді автоматтандыру жобасын жүзеге асыруды 2009 жылы бастау жоспарланып отыр

Астана. 20 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы есептеуді автоматтандыру жобасын жүзеге асыруды 2009 жылы бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы кеше брифингте ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұлов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 20 Тамыз 2008
  • 604
Фото - Caravan.kz

Ол қазіргі уақытта елдің қазынашылығының ақпараттық жүйесіне «еңбекақы» атты арнаулы модульді енгізу мәселесі талқыға салынып жатқанын еске салды. Ол мемлекеттік қызметкерлерге еңбекақы белгілеу жүйесін толығымен автоматтандыруға мүмкіндік бермек.

«Үкімет тапсырмасына орай Қаржы министрлігі республикалық бюджеттік комиссиясының таяудағы отырысына аталмыш жобаны қаржыландыруға өтініш жасауы тиіс. Жобаны 2009-2010 жылдары жүзеге асырамыз деген ойдамыз. Егер қаражат бөлінетін болса, жоба 2009 жылы іске аса бастауы тиіс», — деді төрағаның орынбасары.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар