Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қайтарыла ма? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қайтарыла ма?

Мемлекеттік қызметкерлерге смартфон қайтарыла ма?

Тиісті қаулы барлық өкілетті орган арасында келісілген.

  • 7 Қараша 2019
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Абылайхан Оспанов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оспанов құжат үкіметте жатқанын, жуық арада жария болатынын атап өтті. Қаулы барлық мемлекеттік органмен келісілген.

"Қаулы жобасы үкіметке енгізілді, отырыстардың бірінде ол қаралады. Қараша айында болады деген үміттеміз. Бұл жерде мемлекеттік қызметкерлерге еш шектеусіз смарфондарды қайтару мәселесі жөнінде болып отыр", — деді ол сенат кулуарында.

Вице-министр кез келген мемлекеттік қызметкер жұмыс барысында алатын ақпарат үшін жауапты екенін айтты.


"Егер ол мәліметті таратып жіберсе, заңға сәйкес жауапқа тартылады", — деді Абылайхан Оспанов.

Мемлекеттік орган ғимаратында смартфон, планшет, смарт-сағат қолдануға 2016 жылдың наурызында тыйым салынған еді.

Соңғы жаңалықтар