Спорттың тоғыз түрінен өткен сайыстардың қорытындысында Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрамасы жалпыкомандалық бірінші орынды жеңіп алды. Әкімдіктің әлді жігіттері қазақша күресте, үстел теннисінде, жеңіл атлетикада, жүзуде және дойбыда қарсыластарына дес бермеді. Шағын футболда облыстық ішкі істер департаменті командасы мен облыстық прокуратура командасына, ал тоғызқұмалақта Бөрлі ауданы әкімдігіне есе жіберіп, екінші орынға табан тірегені болмаса бас бәйгені сөзсіз алды. Қазақша күресте облыс әкімдігі командасы атынан күрескен жергілікті спорт саласының басшысы Мүсілім Оңдағанов чемпион атанды.