Мемлекеттік қызметте бонусты «таңдаулы» әрі «тиімді» қызметшілер алады - kaz.caravan.kz
  • $ 523.58
  • 549.71
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызметте бонусты «таңдаулы» әрі «тиімді» қызметшілер алады

Мемлекеттік қызметте бонусты «таңдаулы» әрі «тиімді» қызметшілер алады

Мемлекеттік қызметте бонусты «таңдаулы» әрі «тиімді» қызметшілер алады.

  • 20 Шiлде 2017
  • 378
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілуде. Ол тұрақты және тұрақсыз деп аталатын екі негізгі бөліктен тұрады. Тұрақты факторлық-балдық шкалаға негізделген лауазымды бөлу дегенді білдіреді. Яғни, лауазымды иелену деңгейі мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге қандай үлес қосатындығына байланысты болады. Бүгінгі күні жалақы жұмыс өтілі мен иеленіп отырған лауазымының санатына байланысты болса, ал жаңа жүйе мемлекеттік қызметшінің қалай жұмыс істейтіндігіне және оның мемлекеттік қызметке қосқан үлесіне байланысты жалақысының көлемін саралауға мүмкіндік береді. Ал тұрақсыз жалақыға қатысты айтар болсақ, бұл ретте бонус енгізу жайында сөз болып отыр. Бонус тағайындау жүйесі мемлекеттік қызметтегі жұмысты бағалауға байланысты болады. Ол тоқсан сайын жүргізіледі. Соңғы нәтиже — мемлекеттік қызметшінің қызметінің жылдық бағасы. Ол оның нәтижелілігі мен бонус аудару мәселесін шешуге ықпал етеді», — деді агенттік төрағасының орынбасары.

Оның айтуынша, бонусты «таңдаулы» әрі «тиімді» қызметкерлер алады. Жалпы мемлекеттік қызметшілердің қызмет нәтижесі «таңдаулы», «тиімді», «қанағаттанарлық» және «тиімсіз» болып 4 санатқа бөлінеді.


«Бонусты «таңдаулы» және «тиімді» қызметкерлер алады деп жоспарлап отырмыз. Бұл жүйе талқылануда. Жүйені бейімдеу келесі жылы 3 мемлекеттік органда ілкі жоба ретінде жүргізілетін болады. Бірінші мемлекеттік орган — Мемлекет басшысына есеп беретін біздің агенттік. Екіншісі Үкіметке есеп беретін орган болмақ. Қазіргі уақытта ол Әділет министрлігі болады деген шешім бар. Үшіншісі — жергілікті атқарушы орган. Алдын ала мәліметке сәйкес — ол Алматы облысының әкімдігі», — деді А.Шаимова.