Мемлекеттік қызметте элита корпусы жасақталады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызметте элита корпусы жасақталады

Мемлекеттік қызметте элита корпусы жасақталады

Қазақстандағы мемлекеттік қызметкерлер ортасында элиталық «А» корпусы жасақталады.

  • 2 Қараша 2012
  • 528
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Бауыржан Байбек мәлім етті.

«А» корпусы дегеніміз — басқарушылар, қатаң талаптар бойынша іріктелетін элитаның элитасы. Президент жанынан ұлттық комиссия құрылады. Оған президент әкімшілігінің жетекшісі, оның орынбасары, вице-премьер, сенат пен мәжілістің вице-спикерлері, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттік өкілдері мүше болады. Ұлттық комиссия кадрлық резервке кететін мамандарды іріктейді, «А корпусына» осы резервтегі адамдар ғана алынады», — деді ол жұма күні Астанада мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау мәселелері жөніндегі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда.
Б.Байбектің айтуынша, саяси қызметкерлер саны 6 есе, 3277-ден 538-ге дейін қысқарады.
Қазақстанда мемлекеттік қызмет жүйесінің тәртібі бойынша, шенеуніктер саяси мемлекеттік қызметкер (ведомстволардың бірінші басшылары) немесе әкімшілік қызметкер болып бөлінеді.
Әкімшілік төрағасы орынбасарының сөзіне қарағанда, саяси мемлекеттік қызметкерлер «А» корпусына тек мемлекет басшысының рұқсатымен ғана кіре алады.
«Яғни, сен саяси қайраткер, мысалы министр болсаң, «А» корпусына конкурс арқылы ғана түсе аласың. «А» корпусына ешкім жайдан-жай қабылданбайды», — деп атап өтті ол.
Б.Байбектің түсіндіруінше, «А» корпусындағы ең жоғарғы лауазымды тұлға мемлекеттік органдардың жауапты хатшылары (…), комитеттердің төрағалары мен ауыл, қала, аудан әкімдері» болмақ.
«Бірінші басшы, министр, вице-министр, облыстар бойынша әкімдер, облыс әкімінің орынбасары мен облыс орталығының әкімі саяси мемлекеттік қызметкер болып қала береді. Аймақтарда «А» корпусының ең жоғарғы лауазымды әкімшілік тұлғасы — аппарат жетекшісі», — деді ол.
Сонымен қатар, аталған санаттағы мемлекеттік қызметкерлердің айлық жалақысы «жеке меншік сектордағы еңбекақы» деңгейіне жеткізіледі.

Соңғы жаңалықтар