Мемлекеттік қызметтің жаңа тұжырымдамасы жақын аралықта қабылданатын болады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік қызметтің жаңа тұжырымдамасы жақын аралықта қабылданатын болады

Мемлекеттік қызметтің жаңа тұжырымдамасы жақын аралықта қабылданатын болады

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігімен бірлесіп,

  • 14 Маусым 2011
  • 566
Фото - Caravan.kz

«Мемлекеттік қызметтің қазақстандық үлгісі: міндеттері мен даму келешегі» атты тақырыпта ғылыми-практикалық конференция өткізуде. Шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған.

«Бүгінгі таңда ел дамуына бағытталған төрт мемлекеттік бағдарлама бар. Бұлар — индустриялық-инновациялық даму, білім беруді дамыту, денсаулық сақтау, сондай-ақ тілдерді дамыту бағдарламасы. Өз дамуындағы жаңа кезеңдерді игеріп жатқан Қазақстан үшін индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру ең күрделі мәселенің бірі. Бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін мемлекеттік қызмет жүйесінен де сапалы жұмыс талап етіледі. Осыған орай, Мемлекет басшысы Н. Назарбаев мемлекеттік қызметтің жаңа тұжырымдамасын қабылдау туралы міндетті жүктеген еді. Бұл тұжырымдаманың жобасы бүгінгі күні әзірленіп, мүдделі мемлекеттік органдарға келісу үшін беріліп отыр. Бүгінгі конференция жұмысы барысында да осы жобаға қатысты тиісті ұсыныстар мен тілектер айтылады деп ойлаймын», — деді жиын барысында сөз сөйлеген ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Бауыржан Бәйбек. Оның айтуынша, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік қызметшілер еліміздің элитасын қалыптастыратын болады. Оның ішінде елдің сапалы өмір сүруінде мемлекеттік қызметшінің алар орны зор.

Конференция барысында тұжырымдама жобасы талқыланып, ол бойынша ұсынымдар әзірлеу көзделіп отыр. Оның ішінде қатысушылар мемлекеттік кадр саясатын іске асыру тетіктерін жаңғырту, мемлекеттік қызметке келу және өту тәртібін жетілдіру, персоналды басқару және мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік органдар жұмысының сапасы мен тиімділігін арттыру мәселелерін зерделейтін болады.

Соңғы жаңалықтар