Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы 2005-жылдың аяғына дейін 211 млн. теңгенің тәуекелдерін қайта сақтандырады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы 2005-жылдың аяғына дейін 211 млн. теңгенің тәуекелдерін қайта сақтандырады

Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы 2005-жылдың аяғына дейін 211 млн. теңгенің тәуекелдерін қайта сақтандырады

"Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" 2005-жылдың аяғына дейін 211 млн. теңгенің тәуекелдерін қайта сақтандырады. Бұл туралы бүгін, 14-наурызда Алматыда өткен семинар барысында "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ басқармаларының төрағасы Әлихан Смайылов құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 14 Наурыз 2005
  • 385
Фото - Caravan.kz

Ә.Смайыловтың айтуынша, қазіргі жағдаймен мемлекеттік сақтандыру корпорациясы 20 млн. теңгенің тәуекелдерін қайта сақтандырды. «Алдағы үш жылда корпорацияның қайта сақтандыру іс-қызметінің жыл сайынғы өсімі 50 процент деңгейінде болады деп межеленген. Ал 2005-жылғы экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру өсімі 100 процент көлемінде жоспарланған»,- деді ол. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, қайта сақтандыру операциясын жүргізуге лицензияны мемлекеттік сақтандыру корпорациясы 2004-жылдың 29-желтоқсанында алған.

2004-жылдың ақпан айынан бері сақтандыру корпорациясына 114,1 млн. доллардың экспорттық несиелері мен инвестициясын сақтандыру туралы 66 өтініш түсіп, 67,5 млн. доллардың 71 жобасы қаралған. Қазір жалпы құны 64,3 млн. долларды құрайтын 63 экспорттық және инвестициялық жоба бойынша сақтандыру келісім-шарттары жүзеге асырылуда.
2005-жылдың аяғына дейін республиканың шикізатқа жатпайтын тауар түрлері экспортының 2 процентін, 2006-жылдың аяғына дейін 3 процентін сақтандырмақ ниетте.
«Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясының» жарғылық капиталы 7,7 млрд. теңгені, активтері мен жеке капиталының әрқайсысы 8,1 млрд. теңгені құрайды.

Перейти к новостям спорта