Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы мен ЦентрКредит банкі Ресейге шығарылатын 37 млн. доллар көлеміндегі инвестицияны сақтандыру туралы келісімге қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы мен ЦентрКредит банкі Ресейге шығарылатын 37 млн. доллар көлеміндегі инвестицияны сақтандыру туралы келісімге қол қойды

Мемлекеттік сақтандыру корпорациясы мен ЦентрКредит банкі Ресейге шығарылатын 37 млн. доллар көлеміндегі инвестицияны сақтандыру туралы келісімге қол қойды

Даму институты болып табылатын "Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" мен "ЦентрКредитБанкі" АҚ Ресейге шығарылатын 37 млн. доллар көлеміндегі инвестицияны сақтандыру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы "Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ -ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 24 Мамыр 2005
  • 781
Фото - Caravan.kz

Бұл — инвестицияны саяси тәуекелдерден қорғау бағытындағы келісім. Келісімнің шарттарына сәйкес, сақтандыру оқиғасы шыққан жағдайда сақтандыру төлемі шығынның 90 процентін құрайды.

Даму институтына жататын «Экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» отандық экспорттаушылар мен инвесторларды сатып алушылардың төлемдік қабілетіне айрылуы мен сыртқы саяси тәуекелдерге байланысты шығындардан сақтандыратын Қазақстандағы ірі сақтандыру компаниясына саналады. Корпорация Қазақстандағы сақтандыру компанияларының арасынан бірінші болып 2004-жылдың 8-қарашасында қаржылық сенімділігі жағынан «Ва1» халықаралық рейтингіне ие болды. Бұл — ТМД елдері аясындағы ең жоғарғы рейтингі бар сақтандыру ұйымы.
Ал «ЦентрКредитБанкі» АҚ Қазақстандағы ірі банктердің бестігіне енеді. Бұл банк шетел валютасындағы банк салымдары бойынша Moodys Investors Service рейтинг агенттігінің Ва1 ұзақ мерзімді рейтингіне ие болған. 2004-жылы банк активтері 81 процентке өсіп, 148,4 млрд. теңгені құрады. Бір жылда акционерлік капитал 64 процентке өсіп, 12,2 млрд. теңгені, ал таза пайдасы 1,9 есе өсіп, 2,4 млрд. теңгеге жетті.

Перейти к новостям спорта