Мемлекеттік сатып алу жөніндегі қолданыстағы заңды тиімсіз деп санайтын сарапшылар оны түбегейлі өзгертуді ұсынуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік сатып алу жөніндегі қолданыстағы заңды тиімсіз деп санайтын сарапшылар оны түбегейлі өзгертуді ұсынуда

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі қолданыстағы заңды тиімсіз деп санайтын сарапшылар оны түбегейлі өзгертуді ұсынуда

Мемлекеттік сатып алу жөніндегі қолданыстағы заңды тиімсіз деп санайтын сарапшылар оны түбегейлі өзгертуді ұсынуда. Бүгін, 23-тамызда Алматыда "Асар" партиясының мұрындық болуымен "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіру жолдары мен проблемалары" тақырыбында дөңгелек үстел өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 23 Тамыз 2004
  • 461
Фото - Caravan.kz

Форумға қатысқан «Асар» партиясы төрайымының орынбасары Сергей Киселевтің айтуынша, 2002-жылы Мемлекеттік сатып алу жөніндегі заң қабылданған кезде «сыбайлас жемқорлықпен және мемлекет мүлкіне сол сұғушылықпен күреске басты назар аударылған». Бюджет қаржысын тиімді пайдалануды жүзеге асыру үшін осындай заң қабылдау қажет болды. Алайда, бұл мақсатқа қол жеткізу мүмкін болмай отыр, дейді С.Киселев. Сондай-ақ, оның пікірінше, «әділетті әрі принцип негізінде жұмыс істеуші рынок субьектілері үшін осындай тиімсіз заңмен жұмыс істеу қиындық тудыра бастады».

«Асар» партиясы төрайымының орынбасары тендер немесе байқау жеңімпазы алдын-ала белгілі болатын қазіргі таңда заң «көп жағдайда жалған роль атқарады» деген сенімде. Сондай-ақ, құжат мағынасыз жағдайларға жиі душар етуде, дейді С.Киселев. Ол мемлекеттік сатып алу жүйесі мен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тетіктерін түбегейлі өзгерту керек дегенге кәміл сенеді.
Қазіргі мемлекеттік сатып алу жүйесінің басты тауқыметтері ретінде дөңгелек үстелге қатысушылар жемқорлық пен бюджет қаржысын көлеңкелі салада пайдалану деңгейінің жоғарылығын, мемлекеттік сатып алу процесстерінің бүкіл кезеңдерін реттеуші құқықтық-нормативтік базаның жетілмегендігін, байқау комиссиялары мүшелерінің, тапсырыс беруші жақтың жауапты адамдары мен байқауды ұйымдастырушылардың кәсіптік деңгейінің төмендігін атады.

Перейти к новостям спорта