Мемлекеттік сатып алулар мен ірі жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы ішкі нарықпен ғана шектелуге тиіс - Школьник
Астана. 13 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік сатып алулар мен ірі жер қойнауын пайдаланушылардың тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуы ішкі нарықпен ғана шектелуге тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мекеме басшысы Владимир Школьник мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Қалыптасқан ахуал осыны талап етеді", -деді ол.
Министрдің айтуынша, 21 қарашада "ірі компаниялардың, жер қойнауын пайдаланушылар мен мемлекеттік органдардың сатып алу науқанындағы ашықтығына қол жеткізу мақсатында" ҚР Индустрия және сауда министрлігі жер қойнауын пайдаланушылармен және машина жасау кәсіпорындарымен кеңес өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін