Оның сөзіне қарағанда, аталған міндетті министрлік құрамындағы комитеттердің біреуі атқаруы мүмкін. «Негізгі мақсат — мемлекеттік сатып алулар саласындағы тәртіп бұзушылықты болдырмау. Бірыңғай ұйымдастырушы мемлекеттік сатып алуларды арнайы конкурстар мен аукциондар арқылы өткізетін болады», — деді Б.Жәмішев. Министр атап көрсеткендей, конкурстық комиссияларды министрлер басқарса, жергілікті жерде әкімдер жетекшілік етеді.