«Мемлекеттік шекара қызметі» туралы жаңа заң қабылданды - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+2 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мемлекеттік шекара қызметі» туралы жаңа заң қабылданды

«Мемлекеттік шекара қызметі» туралы жаңа заң қабылданды

Былтыр оқыс оқиғалардан көз ашпаған шекарашылар енді жаңа тәртіппен өмір сүретін болды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев бүгін «Мемлекеттік шекара» туралы заңға қол қойды.

  • 16 Қаңтар 2013
  • 476
Фото - Caravan.kz


Құжатты әзірлеу атышулы «Арқанкерген» оқиғасынан кейін-ақ қолға алынған болатын. Сол шекара бекетінде қаруластарын қырып салған Владислав Челахтың бұрын істі болған туыстары бар екені, ал өзінің полиция бөлімшесінде тіркеуде тұрғаны кейін анықталған-ды. Жаңа заң осы іспетті олқылықтардың алдын алу үшін жасалып отыр. Ендігіде Шекара қызметіне қабылдану үшін жігіттерге қойылатын міндеттер күшейтілмек. Оларды алдын ала психолог мамандар тексеріп, арнайы тесттен өтікізеді. Жаңа құжатты әзірлеуге — Шымкент шетінде әуе апатынан бақилық болған Тұрғанбек Стамбеков атсалысқан болатын. Айта кетейік, АН-72 ұшағының «қара жәшігіндегі» ақпарат келесі аптада жарияланбақ.

Перейти к новостям спорта