Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Әнес Сарай 75 жасқа толды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Әнес Сарай 75 жасқа толды

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, жазушы Әнес Сарай 75 жасқа толды

Астанада 2012 жылдың 23 қарашасында

  • 20 Қараша 2012
  • 825
Фото - Caravan.kz

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі жазушы, драматург Әнес Сарайдың 75 жылдығына арналған шығармашылық кеш өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Кешке жазушының қаламгер әріптестері, ел ағалары және оның туындыларын сүйіп оқитын көпшілік қауым қатысады деп күтілуде.

«75 деген әжептәуір жас. Бұл куәліктегі жас. Адамда тағы биологиялық жас деген болады. Менің биологиялық жасымның қандай екенін білмеймін, бірақ жұмыстан қалып, қажыр-қайратым тайып, жұмыс істей алмай қалған күнім болған жоқ. Шүкір, әлі жұмыс істеп жатырмын», — дейді қаламгер.

Жазушы тағдыр тәлкегімен қазақ топырағынан жырақта қалса да, тербеліп өскен тал бесігі Атырау өңірі. Теңіз жағасында қанат қатайтқандықтан ба, 1963 жылы жарық көрген «Дауылда» атты тырнақ алды әңгімесінен бастап «Еділ-Жайық» трилогиясына дейінгі барлық шығармалары теңіз тақырыбына арналып келді. Тіпті, жазушы қазақ әдебиетінде «теңіз жыршысы» атанып та кетті.

Ал, бүгінде қазақ тарихының ақтаңдақ тұстарын зерттеп, тарихи жәдігерлерді құзар шыңға шығарып келеді. Атап айтатын болсақ, осы күнге дейін «Атырау» дилогиясы, «Еділ-Жайық» романы, «Мұхаммед пайғамбардың өмірі» атты тарихи аударма еңбегі, «Исатай мен Махамбет» атты зерттеу еңбектері жарық көріп, оннан астам пьесалары Астана, Алматы, Қызылорда, Қарағанды театры сахналарында қойылып жүр. Қазір қаламгер «Қалмақ қырғыны» атты тарихи зерттеу еңбегін жазу үстінде.

Соңғы жаңалықтар