Жарияланды: 710

"Мемлекеттік тапсырыс туралы" заң жобасы наурыз айында парламентке ұсынылады деп күтілуде - ҚР ақпарат министрінің бірінші орынбасары Рябченко

"Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы" заң жобасы наурыз айында парламентке ұсынылады деп күтілуде. Бұл туралы бүгін, 29-қаңтарда Бейресми ұйымдардың әлеуметтік маңызды жобаларына жарияланған байқау қорытындысы бойынша өткізілген тұсаукесер барысында ҚР ақпарат министрінің бірінші орынбасары Олег Рябченко мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

"Қазір біз "Мемлекеттік тапсырыс туралы" заң жобасын жасау жұмысын аяқтауға жақын қалдық",- деді О.Рябченко. "Бұл заң жобасын біз наурыз айында парламентке ұсынамыз, және оның заң шығарушы орган сатыларынан сүрінбей өтетіндігіне сеніміміз зор",- деді ол. Вице-министрдің бағалауынша, заң жобасы қабылдану нәтижесінде қазақстандық бейресми ұйымдардың іс-қызметіне арналған қаржы "тек ақпарат министрлігінің ғана емес, сондай-ақ, басқа да профильді министрліктердің желісімен 2005-жылғы бюджетке нақты қарастырылады". Заң жобасында бейресми ұйымдардың жұмысын жергілікті бюджеттен қаржыландыру мүмкіндігі де заңдастырылады,- дейді О.Рябченко. Қазір заң жобасы үкімет тарапынан келісімге ие болу үшін тапсырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін