Мемлекеттік тілде білім алатындар адам құқықтары жөніндегі ақпаратқа қол жеткізе алмайды - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік тілде білім алатындар адам құқықтары жөніндегі ақпаратқа қол жеткізе алмайды - сарапшы

Мемлекеттік тілде білім алатындар адам құқықтары жөніндегі ақпаратқа қол жеткізе алмайды - сарапшы

Астана. 16 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекеттік тілде білім алатындар адам құқықтары жөніндегі ақпаратқа қол жеткізе алмайды. Бұл туралы Сорос-Қазақстан қорының "Құқықтық реформа" бағдарламасының директоры Сәуле Мектепбаева бүгін "Қазақстандағы адам құқықтары саласындағы білім берудің өзекті мәселелері" атты республикалық конференцияда айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 16 Қыркүйек 2008
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Біздің жобаларымыз көрсеткендей, «адам құқықтары» пәнін қазақ тілінде оқытуға әдістік және әдістемелік құралдар мен оқулықтар жетпейді. Орыс тілінде білім беретін мұғалімдерде Ресей оқулықтарын пайдаланатын мүмкіндік болса, қазақ тілді оқытушыларға көмек болатын еш нәрсе жоқ. Сол себепті қазақ тілінде білім беруге баса назар аудару қажет», -деді С. Мектепбаева.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар