«Мемлекеттік тілді дамыту»: журналистік сыйлықтың жүлдегерлері жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мемлекеттік тілді дамыту»: журналистік сыйлықтың жүлдегерлері жарияланды

«Мемлекеттік тілді дамыту»: журналистік сыйлықтың жүлдегерлері жарияланды

Бүгін «Мемлекеттік тілді дамыту» Президенттік қоры жыл сайын берілетін «Қазақ тілін насихаттауға қосқан үлесі үшін» журналистік сыйлығының жаңа жүлдегерлерінің есімдерін жария етті.

  • 22 Маусым 2011
  • 660
Фото - Caravan.kz

Биылғы сыйлыққа республикалық БАҚ-тың үш өкілі: Ғабит Мүсіреп («Нұр Астана» газетінің Бас редакторы), Максим Рожин («7 телеарнаның» журналисі), Әлия Кенжебаева («Астана» телеарнасының журналисі) ие болды, деп хабарлайды Қордың баспасөз қызметі.

Қор директоры Азат Шәуеевтың айтуынша, бұл журналистік марапаттың көздегені Қазақстандағы тілдік жағдайды жан-жақты және шынайы саралап, қазақ тілінің қоғамдағы орны мен маңыздылығы туралы танымды материалдар әзірлеп жүрген, өз кәсібінде қазақ тілін кеңінен пайдаланатын, насихаттайтын баспа және электронды БАҚ-тардың өкілдерін ынталандыру.

Бұл сыйлық 2010 жылы журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында тағайындалған болатын. Оның мөлшері елу мың теңге.

Былтырғы алғашқы ақшалай жүлделермен «Ана тілі», «Казахстанская правда» және «Рудный Алтай» газеттерінің журналистері марапатталған болатын.

Соңғы жаңалықтар