Мемлекеттік туға жету үшін Президенттік жарыс өтті - Өскемен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік туға жету үшін Президенттік жарыс өтті - Өскемен

Мемлекеттік туға жету үшін Президенттік жарыс өтті - Өскемен

Жұма күні, Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығы мен Өскемен қаласының 290 жылдығы қарсаңында еліміздің Мемлекеттік туы орнатылған Аблакетка тауына жылдамдықпен өрлеу бойынша сайыс өтті, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

  • 27 Тамыз 2010
  • 519
Фото - Caravan.kz

11 және 72 жас аралығындағы екі жүзге тарта өскемендіктер жылдамдықпен өрлеу бойынша өзінің жеке рекордын орнату ниетін білдірген. Бұл туралы досымен бірге Өскемендегі акцияға қатысу үшін арнайы Шымкент қаласынан келген Сейітхан Аспанов айтып берді.

Сайыс қатысушыларын қала әкімі Ислам Әбішев қарсы алып, келе жатқан мерекемен құттықтап, сайыста жеңімпаз атануға тілек білдірді. Президенттік мильдің ұзындығы 2 шақырым, 400 метр болды, сынға түскендер дәл осы қашықтықтағы өрге шығулары керек еді. Орташа уақыт — 15 минут. Қазақстанның жалауы желбіреген тауда жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыс етіліп, қатысушылардың барлығы қала әкімі Ислам Әбішевпен сол жерде естелік суретке түсті.