Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын үкімет басшысы сәтсіз деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.84
  • 543.11
-9 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын үкімет басшысы  сәтсіз деп санайды

Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жоспарын үкімет басшысы сәтсіз деп санайды

"Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру жоспары бағдарламаның өзімен қарама-қайшылықта". Бұл туралы бүгін, 21-маусымда Астанада өткен үкімет отырысында үкімет басшысы Даниал Ахметов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Маусым 2004
  • 601
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бағдарламада «шаралар жоспары тұрғын үй қарым-қатынастарының сапалық ерекшеліктерін сипаттайды, онда бағдарламаның нақты атқарушылары мен шараларды жүзеге асыру мерзімі, сондай-ақ, әрбір жылға межеленген қаржыландыру көлемі мен көздері көрсетіледі» делінген.

«Бағдарлама біріншіден, тұрғын үй салуды ынталандыру, ипотекалық несие беру жүйесін жетілдіру, тұрғын үй құрылысына арналған жинақ ақша жүйесін дамыту, жеке меншік тұрғын үй құрылысы мен жеке капиталды инвестиция ретінде тарту арқылы тұрғын үй салуды дамыту сияқты бағыттарда жүзеге асады деп межеленген»,- деді үкімет басшысы.
Алайда, Д.Ахметовтың айтуынша, ҚР индустрия және сауда министрлігі әзірлеген жоспарда аталған құрылым былайша көрініс тауыпты : ұйымдастыру шаралары, ұзақ мерзімді қаржыландыру жүйесін жетілдіру, құрылыс индустриясын дамыту және ақпараттық-түсініктеме жұмыстары. «Шаралар жоспары мейлінше қолайсыз»,- деді үкімет басшысы.
Осыған байланысты Д.Ахметов тиісті мекемелерге шаралар жоспарын үш күн ішінде тұрғын үй бағдарламасына сәйкестендіруді тапсырды.