Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына арналған қаржының бір бөлігі коммуникациялық желілерді дамытуға жұмсалады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына арналған қаржының бір бөлігі коммуникациялық желілерді дамытуға жұмсалады

Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына арналған қаржының бір бөлігі коммуникациялық желілерді дамытуға жұмсалады

Президент Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасына арналған қаржының бір бөлігін инженерлік-коммуникациялық магистральдық желілерді дамытуға жұмсау, сонымен бірге, аймақтарға бөлінетін несиелік ресурстарды қайтадан тарату туралы тапсырма берді. Бүгін, 21-қарашада Астанада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы осындай тапсырманы үкіметке арқалатты ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қараша 2005
  • 477
Фото - Caravan.kz

«Тұрғын үй бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға инженерлік-коммуникациялық магистральдық желілер тартылған жер учаскелерінің тапшылығы қолбайлау болып отыр»,- деді президент. «Осыған байланысты мен нақты сұранысқа байланысты үкіметке қаржының бір бөлігін басқа мақсатта жұмсау туралы тапсырма бердім»,- деді Н.Назарбаев.

«Біз ағымдағы жылға межеленген тұрғын үй құрылысын салу көлемін 3 млн. шаршы метрге асыра орындадық. Бұл былтырғыдан 1,5 есе артық»,- деді президент. Ел көлемінде 30 мың пәтер пайдалануға берілді. «Бұл — ТМД елдері арасындағы ең жоғары қарқын»,- деді президент.
«Ел тұрғындарының басым бөлігі баспаналы болатындай жағдай жасау қажет. Ол үшін біз бюджет қызметкерлерінің жалақысын көтердік. Бұл өсім ел экономикасы мен жеке меншік сектордағы еңбекақы өсімімен парапар»,- деді президент.
Мемлекет басшысы ағымдағы жылдың 10 айында еліміздегі жалпы құрылыс жұмыстарының ауқымы 587 млрд. теңгені құрап, былтырғыдан 40 процентке артты.
Бүгінде құрылыс саласында 409 мың адам еңбек етуде.

Перейти к новостям спорта