Оның айтуынша, «Мемлекеттік Зейнетақы жинақтаушы қорды жекешелендіру туралы мәселе қазір айрықша өзекті емес, дегенмен бұл туралы мәселе бір жарым жылдан бері талқыланып жатыр». Соған қарамастан, Г.Қарағұсованың айтуынша, «қазір қорды жекешелендіріп алудан үміткердердің белгілі бір тобы құралған, олардың арасында шетелдік инвесторлар да бар».
Егер қорды жекешелендіру туралы шешім түбегейлі шешіліп жатса, одан үміткерлер саны әжептәуір болады дегенді айтқан министр журналистерге үміткерлердің тізімін жайып салмады.