Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының атауы жекешелендіруден кейін өзгереді - kaz.caravan.kz
  • $ 515.25
  • 535.91
-8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының атауы жекешелендіруден кейін өзгереді

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының атауы жекешелендіруден кейін өзгереді

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының атауы жекешелендіруден кейін өзгереді. Бұл туралы бүгін, 13-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі төрағасының орынбасары Елена Бахмутова хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2004
  • 1071
Фото - Caravan.kz

Е.Бахмутованың айтуынша, «акцияларына толық көлемде мемлекет иелік еткен жағдайда ғана оны мемлекеттік деп атау дұрыс, ал акциялардың біраз бөлігін жеке тұлғалар сатып алғаннан кейін қордың атауы өзгертіледі».

Ал ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігінің төрағасы Болат Жәмішевтің пікірінше, «бәсекелі зейнетақы қорлары рыногына мемлекеттің тұмсық тығуының қажеті жоқ, сонымен бірге, мемлекеттің аталмыш зейнетақы қорының жұмысына акционер ретінде араласуы оның жұмысына кері әсер етеді».
Б.Жәмішевтің пікірінше, «зейнетақы қорының жұмысы жекешелендіруден кейін де қазіргі қалпында қалады. Өйткені, активтерді тиімді басқару қор қызметкерлерінің біліктілігіне, қорды ұйымдастыру деңгейіне байланысты. Қор қазіргідей жұмыс тиімділігінен айрылмайды деп сенемін»,- деді ол.
Бұдан брын да хабарлағанымыздай, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын жекешелендіруге «АТФБанк» АҚ қатысады. Сондай-ақ, 7-сәуірде ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Әнуар Сәйденов елімізде мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын жекешелендіруге Еуропадағы қайта құру және даму банкін қатыстыру жөнінде белсенді келіссөздер жүргізіліп жатқанын мәлімдеген. «Қазіргі жағдаймен алғашқы сатылы келіссөздер жүргізілуде. Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің ортақ шешімі бойынша, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын жекешелендіру, және бұл шараға Еуропадағы қайта құру және даму банкі, Халықаралық қаржы корпорациясы сынды халықаралық қаржылық ұйымдарды қатыстыру ұйғарылды»,- деді Ә.Сәйденов. Оның айтуынша, «жекешелендіру нәтижесінде мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры акцияларының небәрі 26 проценті мемлекеттің иелігінде қалады».
Қазіргі жағдаймен Қазақстандағы жалпы зейнетақы активтерінің шамамен 25 проценті мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының үлесінде. Ол 360 млрд. теңгені құрайды. Еліміздегі жинақтаушы зейнетақы қорларының жалпы салымшыларының саны 6 млн. адамнан асады. Қазақстан нарығында 16 жинақтаушы зейнетақы қоры, соның ішінде 1 мемлекеттік, екі корпоративтік зейнетақы қоры жұмыс істейді.