Ашық іріктеуді ғалымдар мен жергілікті атқару органдары және бизнес пен қоғам өкілдерінен құралған университеттің қадағалау кеңесі өткізеді. Кеңес қолдаған кандидаттар саны үшеуден кем болмауы тиіс. Бұдан кейін үміткерлер, Үкімет басшысының әлеуметтік мәселелерді қадағалайтын орынбасарының жетекшілік ететін республикалық комиссияға сұхбаттасуға шақырылады. Соңғы шешім сол жерде алқалы негізде қабылданады. Жаңа әдіс бойынша үміткерлерді іріктеу жақын арада басталады. Айта кеткен жөн, бұған дейін ректорлар Білім және ғылым министрінің пәрменімен тағайындалатын.