Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заң жобасы жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заң жобасы жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы заң жобасы жыл соңына дейін қабылдануы мүмкін

«Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік туралы» заң жобасы жақын аралықта Парламентке тапсырылады.

  • 25 Қазан 2012
  • 444
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Қазақстанның жаңа инфрақұрылымдық жобалары» атты конференцияда «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасы Жомарт Әбиесов мәлім етті.

Оның айтуынша, аталған заң жобасын барлық мүдделі мемлекеттік органдар, сарапшылар, халықаралық ұйымдар талқылауда өкен. «Құжат Үкіметке жолданған. Біз жақын аралықта оны Мәжіліске ұсынып, жыл соңына дейін қабылдануын қалаймыз», — деді Ж. Әбеисов.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа заң жобасы аясында отандық және шетелдік инвесторлар үшін құқықтық алаң кеңейтіліп, халықаралық тәжірибелерге сай олардың барлық мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің мүмкін болатын жобаларына қатысуларына жол ашылатын болады. Бұдан бөлек, заң жобасы аясында жаңа қаржы құралдарын енгізу қарастырылады.

«Біз инвесторларды қатыстыру үшін шекті деңгейді өзіндік капитал бойынша 20 пайыздан 10 пайызға төмендетуді қарастырамыз, бұл айтарлықтай салмақты қадам. Менің ойымша, осы шара инвесторлар шеңберін толық қамтуға жәрдем береді», -деді Ж. Әбиесов.

Соңғы жаңалықтар