«Біз маңызды міндетті шешеміз. Тағы бір компанияның арқасында ел ішіндегі әуе тасымалы тапшылығы едәуір азаятынына сенімдімін», деді Даниал Ахметов.
Жаңадан құрылатын компанияның меншігіне берілетін осы заманғы реактивті ұшақтар сатып алу жоспарланып отыр. Жобаның басты мақсаты – ішкі рыноктегі жолаушылар тасымалы мәселесін шешу. Бұдан басқа, компания жақын шетелдерге әуе сапарын жүзеге асыратын болады.
Үкімет басшысы көлік және коммуникация министрлігіне қысқа мерзімде қаржыландыру схемасын әзірлеп, жолаушылар ағынына талдау жасап, билет құнының бағдарын анықтауды тапсырды. Тасымал бағасы елеулі түрде төмендейді деп көзделуде. Премьер-министрдің айтуынша, компанияны құру туралы қорытынды шешім ағымдағы айдың соңында қабылданатын болады.