Мемлекеттің қыруар қаржысы түрік пен кәріс сериалдарының индустриясына жұмсалуда - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттің қыруар қаржысы түрік пен кәріс сериалдарының индустриясына жұмсалуда

Мемлекеттің қыруар қаржысы түрік пен кәріс сериалдарының индустриясына жұмсалуда

Қазіргі кезде мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаржының біраз бөлігі шетелдік телехикаяларға жұмсалып жатады. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осы мәселені ерекше атап өтт

  • 11 Қараша 2013
  • 554
Фото - Caravan.kz

Министрдің айтуынша, бүгінде шетелдік телехикаяларды сатып алуға көп қаражат жұмсалады. «Ал трансляциясына тағы қосымша ақша кетеді. Осының нәтижесінде мемлекеттің қыруар қаржысы түрік және кәріс сериалдарын түсіруге кетіп жатыр. Сондықтан биылдан бастап ол телехикаяларды сатып алу жұмысы тоқтатылды. Сол ақша отандық телеөнімдерді шығаруға жұмсалмақ», — дейді М.Құл-Мұхаммед. Осы орайда министр «Қасым» телесериалын ерекше атап өтті. Бүгінде оны шет мемлекеттер де сатып алып жатыр. Аталған телехикаяның жалғасын түсіру көзделген. Бұдан басқа, даңқты қолбасшы, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы мен әйгілі опера әншісі Күләш Бәйсейітова туралы телесериалдар да түсіріліп жатыр.

Келесі жылдан бастап қазақстандық көрермендердің сүйікті телехикаясы болған «Перекресток» сериалының жаңа нұсқасы шығады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед мәлім етті.


Министрдің хабарлауынша, 90-жылдары қазақстандық көрерменнің көзайымына айналған «Перекресток» телесериалы ағылшындардың бастамасымен түсірілген болатын. Сол кезде аталған жоба ТМД елдері бойынша ең үздік телехикая деп танылды. «Өкінішке қарай, біз сонымен сәтті бастап, кейінгі уақытта көш соңында қалдық. Сол сериалға түскен Бикен Римова, Қасым Жәкібаев, Сағи Әшімов сияқты көптеген танымал әртістер арамызда жоқ болса да, олардың тамаша образдары қалды», — дейді М.Құл-Мұхаммед. Министр атап көрсеткендей, бүгінде «Перекрестоктың» режиссері Ермек Шынарбаев сериалдың жаңа нұсқасын түсіруге келісті. Оның шартты атауы «Астанадағы жол қиылысы» («Перекресток Астаны») болмақ. Келесі жылдан бастап телехикаяны түсіру жұмысы басталады. Ал жылдың ортасында ол көрерменге жол тартпақ.