Жарияланды: 360

Меморгандарға әлем­дегі және өңірдегі жағдайға мониторингті күшейту тапсырылды

7 қараша күні Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары - Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі Қозы-Көрпеш Жаңбыршиннің төрағалығымен

Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ететін консультативті-кеңесуші органдардың мәжілісі болып өтті. Қазақстан Республикасының Президентін ақпараттық қамта­ма­сыз ету бойынша Қауіпсіздік Ке­ңесінің ведомствоаралық комис­сия­сының мәжілісінде әлемде жә­не шектес мемлекеттерде болып жат­қан көкейкесті әлеуметтік-эко­но­микалық үдерістер, сондай-ақ еліміздегі сейсмикалық қауіп­сіз­дік жағдайы қаралды. Экономикалық даму және сауда, Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министрлердің баян­дама­ла­ры тыңдалды. Ведомствоаралық комиссия мә­­жілісінің қорытындылары бо­й­ынша мемлекеттік органдарға әлем­дегі және өңірдегі жағдайдың мониторингін күшейтуге, сейс­ми­калық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдауға бағытталған тапсырмалар берілді. Қауіпсіздік Кеңесі инспек­ция­сының мәжілісінде оның 2012 жыл­ғы қызметінің нәтижелері тал­қыланды, сондай-ақ, құқық қор­ғау органдарының жекелеген аумақтық бөлімшелеріне тексеру жүргізуді ұйымдастыру және инс­пекцияның 2013 жылдағы жұмыс жоспарын қалыптастыру бойынша тапсырмалар берілді. «Егемен Қазақстан» газеті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін