"Мен Адаймын" деп мақтанған кәсіпкер Сапарбаевтан сөз естіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен Адаймын" деп мақтанған кәсіпкер Сапарбаевтан сөз естіп қалды

"Мен Адаймын" деп мақтанған кәсіпкер Сапарбаевтан сөз естіп қалды

Ақтөбе облысының басшысы Бердібек Сапарбаев Темір ауданына барғанда кәсіпкерлердің жұмыстарымен танысқан болатын. Ауданда біраз жұмыс көлемін алған кәсіпкер Сапарбаевтың алдында байқаусызда руын айтамын деп басы бәлеге қалды.

  • 9 Маусым 2017
  • 11761
Фото - Caravan.kz

«Мен Адаймын» деп мақтанған оны әкім біраз жерге апарды. Бір жылда 1,5 млрд теңгенің жұмысын алып отырған ірі кәсіпкер ауылына демеуші ретінде бірде-бір рет көмек қолын созбаған көрінеді, деп хабарлайды «Тілші».

«Ең болмағанда кірісіңнің 1 пайызын туған жердің көркеюіне жұмсасаң нетті?! 1,5 млрд теңгенің жұмысын алады екенсің. Қазіргі кезде кәсіпкерлер мейлінше көмектесіп жатыр. Сен былтыр да, биыл да көмектеспепсің», — деді облыс басшысы әзіл-шыны аралас.

Облыс басшысының жұмыс сапары аудандық әкімдік ғимаратында қорытындыланды. Бердібек Сапарбаев таяуда облыста болған су тасқынына кімнің қалай көмектесіп жатқанын айтып өтті.

«Маңғыстаудың мұнайшылары 52 миллион теңге аударыпты. Өзге жақтың кәсіпкерлері де қарап қалмады. Тіпті, Тараздың университеті 4 миллион беріп жіберіпті. Ал біздікілер «жағдай қалай болады екен» деп тосып отырады», — деді бұл жолы ренжіген кейіп танытқан Бердібек Сапарбаев.


Руың кім болады?

Соңғы жаңалықтар