Бұл туралы Esquire.kz басылымына берген сұхбатында айтты.
Консерватория оқытушысы және «Гүлдер» эстрадалық жастар ансамблінің бас дирижері Тасқын Оқаповпен танысқанында Роза Рымбаева небәрі 18 жаста болған. Шығамашылық байланыс артынша махаббатқа ұласып, әнші өзінің дирижеріне тұрмысқа шығады. Бірақ екінші ұлына жүкті кезінде Тасқын Оқапов қайтыс болған еді. Содан бері Роза Рымбаева екінші рет тұрмыс құрған жоқ.
«Мен ол уақытта тұрмысқа шығуға дайын да емес едім. Күйеуімді қатты сүйгенім соншалық, тек сонымен бірге болғым келді. Ал, тұрмысқа шығып, бала туу, пәтер, көлік сатып алу деген сияқты ойлар ол уақытта мүлдем болмаған еді. Біз тек бірге болдық, басқа ештеңе керек емес-тін. Біз бірге жұмыс істедік, бірге гастрольдерге шықтық», — дейді әнші өткен өмрін еске алып.
1999 жылы Тасқын Оқапов көз жұмғанда Роза үшін әлем қирағандай болған. Бірақ сол кезде балалары үшін бекем болуға тырсқанын айтады. Өйткені қолында екі баласы Әли мен Мәди ғана емес, сондай-ақ, Тасқынның екі жиені Мәншүк пен Әлия да болған. Төрт баланы бағу үшін тек ақша табуды ойлаған әнші Тасқын Оқаповтан кейін неліктен тұрмысқа шықпағанын ашып айтты.
«Ол менің ең алғашқы және соңғы махаббатым болып қала бермек. Мен әлі де жылаймын. Бірақ ары қарай өмір сүру керек. Ақша табу үшін балаларымды көтеріп гастрольге шықтым. Өмірімді қандай да бір ер азаматты кездестіргеніммен, олармен қарым-қатынас құра алмадым. Өйткені, оның бойынан Тасқынның қасиетін іздеймін. Салыстырамын. Меніңше, оған жететін адам жоқ. Сөйтіп көбіне дос ретінде қараймын. Шынын айтар болсақ, мен секілді әйелмен отбасын құру қиын. Мені қандай болсам, солай қабылдауға тура келеді. Бірақ, ондай адамды қайдан табамын?», — дейді Роза Рымбаева.