Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Динара Майғазиева Instagram желісінде жариялаған видеода тоқал алу мәселесіне қатысты сұраққа жауап беріп, адам тағдырға жазылған дүниеден қаша алмайтынын айтты.
”Ол негізі үлкен кісілер айтпақшы, адамның пешенесіне байланысты. Егер ол әйел адамның маңдайына жазылса, ол оны қалай ма қаламай ма көреді. Ағаң мен алып бермей алмайды ғой”, — дейді ол.
Аталмыш видео әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, желі қолданушылары түрлі пікір жазуда.
”Күлкінің астында үлкен жан сыры жасырынып тұр”, “Қартайғанда осындай сұрақ қоюдың өзі ұят”, “Қарапайымдылық пен тектіліктің белгісі”, “Мен алып бермей алмайды деді, демек алмайды”, — деп жазды олар.