"Мен алып қойдым": Әбдіжаппар Әлқожа Димаш Құдайбергеннің алғысы келген дизайнерлік киіміне не себепті таласып жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен алып қойдым": Әбдіжаппар Әлқожа Димаш Құдайбергеннің алғысы келген дизайнерлік киіміне не себепті таласып жүр?

"Мен алып қойдым": Әбдіжаппар Әлқожа Димаш Құдайбергеннің алғысы келген дизайнерлік киіміне не себепті таласып жүр?

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа ерекше шапанмен телебағдарламаға қонаққа келіп, онымен байланысты оқиғасымен бөлісті.

  • 5 Маусым 2023
  • 2690
Фото - Caravan.kz

Айтуынша, шапанның құны 500 мың теңге тұрады екен, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

Қызығы өнер иесі бұл шапанды алғашында танымал әнші Димаш Құдайбергеннің алмақ болғанын айтты. 

"Инстаграмнан дизайнер ағамыздың подиумға шығарған киімдерін көріп қалдым. "Аға осы сатыла ма?" десем, "Иа сатылады. Бірақ Димаш Құдайбергеновтың әкімші қызметкері айтып қойып еді "осы шапанды аламыз деп" деді. Димаш дегеннен кейін мүлде іштей қызығушылық артып кетті. Бағасы қанша деп ем, "500 мың" деді. Жарты ақшасын салып жібердім де "Димашқа табылатын шығар" деп мен алып алдым", — дейді ол.