Мен әрбір матч үшін күрестім және өз жеңісіме ризамын - St.Petersburg Open-2010 жеңімпазы, қазақстантық теннисші М.Кукушкин - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен әрбір матч үшін күрестім және өз жеңісіме ризамын - St.Petersburg Open-2010 жеңімпазы, қазақстантық теннисші М.Кукушкин

Мен әрбір матч үшін күрестім және өз жеңісіме ризамын - St.Petersburg Open-2010 жеңімпазы, қазақстантық теннисші М.Кукушкин

«Мен әрбір матч үшін күрестім және өз жеңісіме ризамын. Бұл турнирда жеңіске жетемін деп ойламап едім. Бұл жеңіс мен үшін маңызды оқиға», - дейді St.Petersburg Open-2010 турнирінің финалында ресейлік спортшы Михаил Южныйды жеңген Қазақстан теннисшісі Михаил Кукушкин.

  • 1 Қараша 2010
  • 601
Фото - Caravan.kz

«Мен жаман ойнаған жоқпын, өзіме сеніп, артқы сызықты бақылап отырдым. Мүмкін Миша сол күні өзін ойдағыдай сезінбегендіктен, жолым болып кеткен шығар. Бірақ қарсыласым жақсы ойын көрсеткендіктен, жеңгеніме қуаныштымын», — дейді М.Кукушкин.

Естеріңізге сала кетейік, финалдық ойында М.Кукушкин Ресей спортшысын екі сеткада 6:3, 7:6 есебімен жеңген болатын.

Санкт-Петерборда қол жеткізген жеңісінен кейін Михаил Кукушкин әлемдік теннис дәреже сатысында жоғары көтерілді. «Маған 58-ші орындарға тірелесің деді. Биылғы жылы осылай алға басқаныма өте қуаныштымын», — дейді қазақстандық спортшы.