"Мен асүйде шай ішіп отырдым, бәрі шығып кетті": Өрт сөндіруші марқұм Асқар Забикуллиннің жары алғаш рет күйеуінің өлімін қалай естірткенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 495.2
  • 522.34
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен асүйде шай ішіп отырдым, бәрі шығып кетті": Өрт сөндіруші марқұм Асқар Забикуллиннің жары алғаш рет күйеуінің өлімін қалай естірткенін айтты

"Мен асүйде шай ішіп отырдым, бәрі шығып кетті": Өрт сөндіруші марқұм Асқар Забикуллиннің жары алғаш рет күйеуінің өлімін қалай естірткенін айтты

Осыдан екі жыл бұрын Астанадағы тұрғын-үйлердің біріндегі өртті сөндіру барысында қаза болған Асқар Забикуллиннің жары желіде жан сырын ақтарды.

  • 21 Қараша
  • 286
Instagram/Anelya_zn

Ол оқырмандарға қайғылы оқиғаны сол күні қалай естірткенін еске алды, деп хабаралайды Caravan.kz медиа порталы.

Ол сол күні балалармен ата-анасының үйінде болғанын атап өтті.

«Балалар тамақ ішіп болған соң, біз түскі ас ішуге кірістік. Түскі аш іштік деген аты ғана болмаса, тамағымыздан ас өтпейді. Әкеме қоңырау шалды. Ол анамды шақырды, сосын әпкем кетті. Бәрі шығып кетті. Мен ас үйде шай ішіп отырғамын.

Бір уақытта дауыстарын естідім. Анам, сосын әпкем жылады. Мен оларға жүгіріп бардым. Оларды көрдім де, бәрін түсіндім, сонда да сұрай бастадым. «Баламнан айырылдық» деп анам айтты. Әрі қарай бәрі тұмандағыдай. Ауруханаға, Көкшетауға қалай жеткенімізді білмеймін. Есімде түк жоқ, тек жылаумен болдым», — деп жазды ол.