Бүгін Хошимин қаласында Мария Дапиркаға қатысты үкім шығуы тиіс. Вьетнам заңы бойынша ол өлім жазасына кесілуі мүмкін, деп хабарлайды Mash телеграм-арнасы.
Сондай үкімді күтіп отырған Мария анасына қоштасу хатын жазыпты.
«Қымбатты мама, мені уайымдамай-ақ қой. Бәрі жақсы. Мен бәріне дайынмын. Келіп, маған жолыға алатын шығарсың деп үміттенемін. Сені көрмегеніме төрт жыл болды ғой. Сағынып кеттім! Өз денсаулығыңды ойла» деп жазған М.Дапирка.
Марияны Вьетнам кеденшілері тура үш жыл бұрын ұстаған. Ол содан бері қамауда жатыр.
Дапирканың өзінің айтуынша, табылған есірткіге оның еш қатысы жоқ. Қызды Тайландта танысқан нигериялық сүйіктісі алдап кеткен көрінеді. Ол жігіт Бразилияға романтикалық саяхат жасайық деген ұсыныс айтып, бұған шабадан сыйлапты. Есірткі тура сол шабаданнан табылды.
30 августа во Вьетнаме решится судьба россиянки, ставшей жертв…
Марию Дапирка из Ростова завтра могут приговорить к казни, если вьетнамский суд признает ее виновной в контрабанде кокаина. На самом деле девушку подставил ее бывший возлюбленный, который оказался членом нигерийской наркомафии
Posted by Mash/Мэш on Tuesday, August 29, 2017