Мен кәсіпкерлік салада бір күн де істемедім – Жетісу облысының әкімі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен кәсіпкерлік салада бір күн де істемедім – Жетісу облысының әкімі

Мен кәсіпкерлік салада бір күн де істемедім – Жетісу облысының әкімі


Сенат депутаттары бұрынғы әріптесі Бейбіт Исабаевты шығарып салды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Sputnik Қазақстан тілшісіне сілтеме жасап.

  • 23 Маусым 2022
  • 13
Фото - Caravan.kz

Жақында Исабаев жаңадан құрылған Жетісу облысының әкімі қызметіне тағайындалған болатын. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы оның депутаттық өкілеттігін тоқтатты. Ал Бейбіт Исабаев бұрынғы әріптестеріне алғысын айтты.

"Мен өмір бойы мемлекеттік қызметте жүрмін, бір күн де кәсіпкерлік салада жұмыс істеген жоқпын. Университетті бітіргеннен бастап мемлекеттік қызметте келе жатырмын. Сол мемлекеттік қызметтің бір үлкен тармағы – бұл өкілетті заң шығару билігі, парламент. Осы парламентте аз уақыт болса да, жарты жылдай бірге жұмыс істедік, әріптестерім маған сенім білдіріп, комитет төрағасы етіп сайлады. Ол сенімдеріңізді ақтауға тырыстым, азды-көпті сіңірген еңбегімді бағалап, марапат көрсетіп жатқандарыңызға ризашылығымды білдіремін. Бәріміз мемлекеттік қызметте жүргеннен кейін елімізде болып жатқан жаңалықтарға, реформаларға, өзгерістерге атсалысып, халыққа, елге, жерге бірге қызмет етейік", — деді Исабаев.

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев оған құрмет грамотасын тапсырып, әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің басшысы қызметінде атқарған еңбегі үшін алғыс айтты.


Бүгін комитеттің жаңа басшысы болып депутат Нариман Төреғалиев сайланды.

 

Соңғы жаңалықтар