Бұл туралы http://isport.ua жазып отыр. Жекпе-жек АҚШ-тың Коннектикут штаты Мэсхантукете қаласының MGM Grand Theate залында өтеді.
«Жаттығу лагері болжағанымыздай өтуде және мен жоспарға сай өзімнің дене бітімімнің шыңына таяп келемін. Менің спарринг-серіктестерім жақсы. Бұл бағытта Зауырбек Байсанғұровты атап өткен дұрыс. Мен алдағы жекпе-жекке 100 пайыз әзірмін. Сондықтан Маклинге кездесудің оңай болатынына үміттенудің қажеті жоқ. Мен Мэттьюді сыйлаймын, бірақ шаршы алаңда аяушылықты күтпесін», — деді сұхбат барысында Г.Головкин.