Бүгін депутаттың қызы аталған оқиғаға қатысты өз шындығын айтты, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы.
Көпке dequiine есімімен белгілі бойжеткен бұл туралы желідегі парақшасында мәлімдеді.
«Соңғы күндері небір жаңалықтар шықты. Менің әкем Асқар Садықовты жұмыс орнында харассмент жасады деп айыптады.
Сіздер сияқты мен де болған жайтқа қатты таң қалып жатырмын. Шынымды айтсам, не айтарымды да білмей отырмын. Не істерімді, кімге сенерімді, мұндай жағдайда не айтуға болатынын білмей далмын. Көпшілік алдында харассмент көрген жан үшін, бұл үлкен — cтресс.
Бұл оқиғалардың бәрі менің өмірімдегі басты екі құндылықты құнсыздандырды: менің отбасы мен әйел теңдігіне деген құқығы. Айтарым, мен бірнеше жыл бойы харассментке қарсы күрескен адаммын. Мен оған қатысты кез келген жағдайды сыни қабылдаймын. Маған қолдау көрсеткен әрбір жанға алғыс айтамын», — деп жазды бойжеткен.