"Мен өліп қалатын шығармын": Желіде дем жетпей қиналып жатқан науқастың хаты жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен өліп қалатын шығармын": Желіде дем жетпей қиналып жатқан науқастың хаты жарияланды

"Мен өліп қалатын шығармын": Желіде дем жетпей қиналып жатқан науқастың хаты жарияланды

Мен өліп қалатын шығармын. Маған кислород жетпей жатыр, деп жазылған хат елді шошытып тастады 

  • 23 Тамыз 2021
  • 11965
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіде "Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде коронавирустан емделіп жатқан науқас жазыпты" деген әлдебір  хат тарап, қызу талқыға түсуде, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы, 

Аталмыш хатты Instagram желісіндегі парақшалардың біріне жариялаған автор былай деп жазба қалдырған:

"Бұл хатты Шымкент қаласының коронавирустан емдеу орталығында Т.Орынбаев атындағы ЦГО жатқан науқас өз әйеліне жазған. Төменде хаттың мазмұндамасын ұсынамыз:
Маған кислород жетпей жатыр. Бесконца кислород өшіріп жатыр. Мен өліп қалатын шығармын. Мені кислород бар жерге ауыстырыңдар. Басқа шыдай алар емеспін. p.s Науқас қайтыс болды.
", — деген жазба қалдырды парақшасының иесі.

Дәл осы жазба Facebook желісінде де жарияланып, көпшіліктің қызу талқысына айналды.

Екі жазбада да хат иесінің қайтыс болғандығы айтылады.

Әзірге құзырлы орындардан ресми түсініктеме жасалған жоқ.

Соңғы жаңалықтар