Мен оны соққының астына аламын - Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен оны соққының астына аламын - Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы

Мен оны соққының астына аламын - Головкин Брукпен жекпе-жегі жайлы

Қазақстандық Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Келл Брукті нокаутпен жеңетінін мәлімдеді. Бұл туралы орта салмақта WBC/WBA/IBF/IBO тұжырымдары бойынша әлемнің 24 жастағы чемпионы FightHub басылымына берген сұхбатында айты.

  • 27 Тамыз 2016
  • 573
Фото - Caravan.kz

Mmaboxing.ru мәліметінше, Головкин 30 жастағы қарсыласы, жартылай орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионымен жекпе-жегінде төрешінің араласуы қажет болатын жағдайға жеткізбейді. "Төрешілер? Төрешілер шешім шығаратындай мүмкіндік бермеймін. Оны соққының астына аламын деп ойлаймын. Иә, жекпе-жек оның елінде болады, үлкен аренада, жанкүйерлері өте көп. Қашан нокаутқа түсіремін? Алты раунд? Ол маған қарсы тұрған сәтінде-ақ бәрі шешіледі. Оны соққының астына аламын. Егер қозғалатын болса, сәл көбірек, сегіз-он раундқа созылатын шығар. Мен өз стратегиямды түсінемін, мен оны ұстап аламын", — деді Головкин.

Еске салайық, Головкин — Брук жекпе-жегі 10 қыркүйекте Лондондағы О2 аренасында өтеді. Жекпе-жекке Головкинның барлық титулы тігіледі.


 

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера